Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті

Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда. Әсіресе халық парақорлық дертімен жиі бетпе-бет келеді. Сондықтан кез келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет.
Парақорлық мемлекеттік органдардың тиісті қызмет атқаруына кері әсерін тигізіп, беделіне нұқсан келтіреді, заңды қағидаларды теріске шығарып, азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына түрткі болады. Заңға сәйкес сыбайлас жемқорлықпен күресті барлық мемлекеттік органдар мен онда қызмет атқаратын лауазымды тұлғалар жүргізуі тиіс.
Бүгінде біздің тарапымыздан да жең ұшынан жалғасқан әрекеттің алдын алу, оның адамға, қоғамға зиянын кеңінен айтып, барынша бойымызды алыс ұстауды насихаттау бағытында түрлі жұмыстар жасалып келеді. Мәселен, Сазды ауылдық клубы қызметкерлері арасында "Жемқорлыққа жол жоқ" пікірталас алаңы жиі өтіп тұрса, ауылдық әкімшілік пен ауылдық клуб бірлесе отырып, "Ревизор" қойылымы қойылды. Сондай-ақ мекемемізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметкері бекітілген. Бұл бағыттағы жұмыстар тек ауданда ғана емес, ел көлемінде жасалып жатыр.
Бұл дерттің алдын алып, қоғамға таралуына жол бермеу үшін барлығымыз бірігіп атсалысып, қарсы жұмылуымыз қажет. Сонда ғана ел мүддесі үшін зор үлес қосатынымыз және халық сенімінен шығатынымыз анық.

Меруерт Құрманғазиева,
Сазды ауылдық клубының әдіскері
25 шілде 2022 ж. 447 0