Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жүзу маусымындағы судағы қауіпсіздік шаралары

Жүзу маусымындағы судағы қауіпсіздік шаралары

Жаздың  жайма шуақ күндерінде серігудің бір жолы-шомылу. Шомылу-денсаулыққа өте пайдалы. Жүзу  жүректің жұмысын күшейтіп, ерте қартаюдың алдыналады. Ода басқа да пайдасы көп. Күніне 30-40 минут жүзумен айналысқан адам өте қысқа мерзімде артық салмағынан арылады. Жүзу адамды күйзелістен құтқарып, денені тыныштандырады, жанға рахат сыйлап, энергия береді. Дегенмен, көпшілікке арналған демалыс орындарында су арқылы берілетін жұқпалы аурулардан сақ болғаныңыз абзал. Егер денеңізде жарақат болған жағдайда шомылатын орындарға бармағаныңыз абзал. Ондай жағдайда жарақатыңыз асқынып кетуі мүмкін. Сондай-ақ мамандар 2 жасқа толмаған баланы бассейнге түсірмеуге кеңес береді. Себебі, хлорланған су сәбидің терісіне кері әсерін тигізіп, тыныс алу жолдарының қабынбалы ауруларына шалдықтыруы мүмкін. Шомылу орындарына барғанда гигиеналық тазалықты қаншалықты сақтайтынына көз жеткізіңіз. Шомылатын орындардан қандай жұқпалы ауру түрлерін жұқтыру қаупі барын біле жүріңіз. Ашық су қоймаларының ластанған суы арқылы  жұғатын аурулар:
-уретрит, цистит аурулары болуы мүмкін.
-дерматомикоз, энтеровирустық инфекция, ішек, паразиттік ауруларды жұқтырып алуыңыз мүмкін.
- «А» гепатиті де көбіне шомылу орындарынан жұғады.
- Герпес- көздің шырышты қабығының ауруы да көпшілік  шомылатын орындардан жұғады.
- Лямблиоз- паразитті жұқпалы ауруының вирусы да су арқылы жылдам таралады.
- түрлі  тері ауруларын жұқтырып алуыңыз мүмкін.
Сондай-ақ, жеке қауіпсіздік шараларын сақтау керек, дене қызуы мен суық судың бірдей әсер етуінен денсаулыққа зиян келетінін есте сақтау керек: суға ақырындап кіріңіз-бұл дененің құрысуының, қан қысымының көтерілуінің немесе қан құйылудың алдын алады, бас киім киіңіз және күнге қызып кетпеңіз. Шомылатын орындардан ауру жұқтырмас үшін арнайы майларды пайдаланыңыз.Шыққаннан кейін ыстық душ қабылдап, тазаланып жуыныңыз.
Г. САҚТАҒАНОВА,
бөлім  басшысы           
25 шілде 2022 ж. 567 0