Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Медициналық қызметтердің сапасы мен көлемі бойынша 40 мыңнан аса ақау анықталды

Медициналық қызметтердің сапасы мен көлемі бойынша 40 мыңнан аса ақау анықталды

2022 жылдың бірінші жарты жылдығында қызылордалықтарға көрсетілген медициналық қызметтердің сапасы мен көлемі бойынша 40 мыңнан аса ақау анықталды
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының сарапшылары мемлекет тегін медициналық көмектің кепілді берілген көлемі (ТМККК) шеңберінде және МӘМС пакеті бойынша жеткізушілер көрсеткен қызметтердің сапасы мен көлеміне мониторинг жүргізуді жалғастыруда.
2022 жылдың бірінші жартыжылдығындахалыққа медициналық көмек көрсету кезінде 40,06мыңдай түрлі кемшілік анықталды, медициналық ұйымдарға салынған айыппұл сомасы 1 389,9млнтеңгеден асты.
«ТМККК және МӘМС пакеттері бойынша Қор жеткізушілері халыққа көрсеткен медициналық қызметтер үшін ақы төлеу осы қызметтердің сапасы мен көлеміне мониторинг жүргізілгеннен кейін ғана жүргізілетінін атап өткен жөн. Іс жүзінде көрсетілген және медициналық көмек көрсету стандарттары мен ережелерін, сондай - ақ клиникалық хаттамалардың ұсынымдарын сақтай отырып, құжатпен расталған қызметтерге ақы төленеді», - деп атап өтті «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Бақыт Исмаханбетов.
Қор филиалының директоры түсіндіргендей, анықталған кемшіліктің ең көп саны жан басына шаққандағы нормативке кірмейтін, әрбір қызмет жеке төленетін консультациялық-диагностикалық қызметтерді көрсетумен байланысты. Жалпы құны 88,6 млн теңге болатын 31 261 осындай ақаулар тіркелді. Сондай-ақ, амбулаториялық-емханалық көмек көрсету кезінде 1 992  ақау, тәулік бойы жұмыс істейтін көп бейінді стационарларда медициналық көмек көрсету кезінде 6 507 кемшіліктер анықталды.
Егер сізде сапалы медициналық қызметтерді алуға қатысты сұрақтар туындаса, онда өз емханаңыздың Пациентті қолдау қызметіне хабарласуыңыз қажет. Егер мәселені сол жерде шешу мүмкін болмаса, онда Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына өзіңізге ыңғайлы тәсілмен өтініш беріңіз: fms.kz ресми сайты, 1406 байланыс орталығы, Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы және Telegram-дағы SaqtandyryBot.
01 тамыз 2022 ж. 369 0