Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордалықтарға көрсетілген медициналық қызметтердің сапасы мен көлемі

Қызылордалықтарға көрсетілген медициналық қызметтердің сапасы мен көлемі

Қызылордалықтарға көрсетілген медициналық қызметтердің сапасы мен көлемі бойынша 44,4 мың ақау анықталды
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының сарапшылары мемлекет тегін медициналық көмектің кепілді берілген көлемі (ТМККК) шеңберінде және МӘМС пакеті бойынша Жеткізушілер көрсеткен қызметтердің сапасы мен көлеміне мониторинг жүргізуді жалғастыруда.
Ағымда жылдың 8 айлық қорытындысында халыққа медициналық көмек көрсету кезінде 44,4 мыңдай түрлі кемшілік анықталды, медициналық ұйымдарға салынған айыппұл сомасы 813 млн теңгеден асты.
«ТМККК және МӘМС пакеттері бойынша Қор жеткізушілері халыққа көрсеткен медициналық қызметтер үшін ақы төлеу осы қызметтердің сапасы мен көлеміне мониторинг жүргізілгеннен кейін ғана жүргізілетінін атап өткен жөн. Іс жүзінде көрсетілген және медициналық көмек көрсету стандарттары мен ережелерін, сондай - ақ клиникалық хаттамалардың ұсынымдарын сақтай отырып, құжатпен расталған қызметтерге ақы төленеді», - деп атап өтті «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Бақыт Исмаханбетов.
Қор филиалының директоры түсіндіргендей, анықталған кемшіліктің ең көп саны жан басына шаққандағы нормативке кірмейтін, әрбір қызмет жеке төленетін консультациялық-диагностикалық қызметтерді көрсетумен байланысты. Жалпы құны 45,5 млн теңге болатын 34,4 мыңнан астам осындай ақаулар тіркелді. Сондай-ақ, амбулаториялық-емханалық көмек көрсету кезінде 2 905 ақау, тәулік бойы жұмыс істейтін көп бейінді стационарларда медициналық көмек көрсету кезінде 6 173 кемшіліктер және ауылдық стационарларда 826 ақаулар анықталды.
Егер сізде медициналық көмек алуға байланысты сұрақтар туындаса, сіз өз емханаңыздағы пациентті қолдау қызметіне хабарласа аласыз. Сондай-ақ Қорға келесі ресми кері байланыс арналары арқылы өтініш бере аласыз: 1406 байланыс орталығы, «Qoldau 24/7» мобильді қосымшасы, Қордың www.fms.kz  сайты, Telegram-дағы Saqtandyry-bot.
 «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры»
КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалдың халықты ақпараттандыру
және өтініштерді қарау жөніндегі бөлімі
30 қыркүйек 2021 ж. 407 0