Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада көрсетілген медициналық қызмет бойынша 54 мыңға жуық кемшілік анықталды

Қызылордада көрсетілген медициналық қызмет бойынша 54 мыңға жуық кемшілік анықталды

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының сарапшылары мемлекет тегін медициналық көмектің кепілді берілген көлемі (ТМККК) шеңберінде және МӘМС пакеті бойынша Жеткізушілер көрсеткен қызметтердің сапасы мен көлеміне мониторинг жүргізуді жалғастыруда.
Жыл басынан бері, ағымдағы жылдың 11 айында халыққа медициналық көмек көрсету кезінде 53,9 мыңдай түрлі кемшілік анықталды, медициналық ұйымдарға салынған айыппұл сомасы 428 млн теңгеден асты.
«ТМККК және МӘМС пакеттері бойынша Қор жеткізушілері халыққа көрсеткен медициналық қызметтер үшін ақы төлеу осы қызметтердің сапасы мен көлеміне мониторинг жүргізілгеннен кейін ғана жүргізілетінін атап өткен жөн. Іс жүзінде көрсетілген және медициналық көмек көрсету стандарттары мен ережелерін, сондай – ақ клиникалық хаттамалардың ұсынымдарын сақтай отырып, құжатпен расталған қызметтерге ақы төленеді», – деп атап өтті «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Бақыт Исмаханбетов.
Қор филиалының директоры түсіндіргендей, анықталған кемшіліктің ең көп саны жан басына шаққандағы нормативке кірмейтін, әрбір қызмет жеке төленетін консультациялық-диагностикалық қызметтерді көрсетумен байланысты. Жалпы құны 56,7 млн теңге болатын 42,7 мыңнан астам осындай ақаулар тіркелді. Сондай-ақ, амбулаториялық-емханалық көмек көрсету кезінде 4,7 мың ақау, тәулік бойы жұмыс істейтін стационарларда медициналық көмек көрсету кезінде 5,5 мың кемшіліктер және де басқа да 1 мыңдай ақаулар анықталды.
Жыл басынан сарапшылар нақты көрсетілмеген қызметтердің 288 – нен астам жағдайын анықтады, олар пациенттер медициналық қызметті алған болып ақпараттық жүйелерге енгізілген. Осындай жағдайлар бойынша анықталған бұзушылықтар үшін медициналық ұйымдарға 3,6 млн теңгеге айыппұл салынды.
 Шағым немесе өтініш беру үшін 1406 телефонына немесе Qoldau – 24/7 мобильді қосымшасы арқылы хабарласу қажет.
kyzylorda-news.kz
22 желтоқсан 2020 ж. 366 0