Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда 1 тамыздан бастап не өзгереді

Қазақстанда 1 тамыздан бастап не өзгереді

Жаздың соңғы айы өзгерістерге толы болмақ. Тамызда көмірді автокөлікпен әкетуге алты айға салынған тыйым күшіне енеді. Жетісу облысы Үшаралда күрделі жөндеуден кейін әуежай ашылады. Сондай-ақ қазақстандықтар Ата Заң мерекесін атап өтеді.

Көмірді әкетуге тыйым салынады
1 тамыздан бастап Қазақстан Республикасының аумағынан тас көмір, тас көмірден алынған брикеттер, шекемтастар және қатты отынның ұқсас түрлерін алты ай мерзімге автокөлікпен әкетуге салынған тыйым күшіне енеді.
Министрлік халық арасында дүрлігуге жол бермеу үшін және энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі сұраныс көп кезеңде, яғни 2022 жылғы 1 тамыздан бастап 6 айға көмірді автомобильмен әкетуге тыйым салынатынын хабарлады.
Қазақстанда көмір тұтыну көлемі шамамен 9,6 млн тоннаны құрайды, оның ішінде коммуналдық-тұрмыстық секторға – 2,6 млн тонна, халыққа – 7 млн тонна. Алматыда қала құрылысы кеңесі жұмысын бастайды Бірінші тамыздан бастап Алматыда қала құрылысы кеңесі өз жұмысын бастайды. Кеңес нүктелі және тығыздаушы құрылыстарға байланысты мәселелерді шешетін болады.

Әуежайдың ашылуы
Бірінші тамыздан бастап Жетісу облысындағы Үшарал әуежайы күрделі жөндеуден кейін қайта іске қосылады. Алғашында әуе айлағы Астана, Алматы және Талдықорғаннан рейстерді ғана қабылдайтын болады.
Жөндеу жұмыстары кезінде Үшарал әуежайының ұшу-қону жолағы ұзындығы 2 700 метрге және ені 45 метрге дейін ұлғайтылды. Нысан халықаралық стандарттарға толық сәйкес келеді және енді үлкен әуе кемелерін қабылдай алады. Әуежайдың күрделі жөндеу жұмыстарына 9,5 млрд теңге жұмсалды.

Депозит бойынша мөлшерлеме өседі
Тамыз айынан бастап Қазақстан Ұлттық банкінің базалық мөлшерлемесін ұлғайтқаннан кейін Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры барлық депозиттік желі бойынша ұсынылған ең жоғары мөлшерлемелерді көтерді.
Тұрақты депозиттердің тиімділігін арттыру мақсатында, сондай-ақ қалыптасқан нарықтық мөлшерлемелерді ескере отырып, жинақ салымдарының барлық түрлері бойынша ең жоғары мөлшерлемелер ұлғайтылды.
3 және 6 айға арналған жинақ депозиттері бойынша мөлшерлемелер 0,5 п.п. және 1,0 п.п., тиісінше жинақ депозиттері бойынша 12 айға 0,1 п.п. және 24 айға 0,2 п.п. өсті. Депозиттердің қалған түрлері бойынша ең жоғары мөлшерлемелер өзгеріссіз қалды.

Қазақстаннан Ресейге жаңа әуе рейстері ұшады
4 тамыздан Алматы – Уфа бағыты бойынша тұрақты жолаушылар рейсі ашылады. Бұл Қазақстанның Азаматтық авиация комитеті Ресейдің авиация билігімен бірлесіп, Алматы – Уфа жаңа бағытын ашу мәселесін пысықтау нәтижесінде жүзеге асатын болады.
Әуе рейсі ресейлік "Red Wings" әуе компаниясы арқылы аптасына бір рет, бейсенбі сайын ұшады. Сондай-ақ 4 тамыздан Нұр-Сұлтан – Уфа бағыты бойынша тұрақты жолаушылар рейсі ашылады. Әуе рейсі аптасына бір рет, бейсенбі сайын ұшады.

Жолаушылар SU-95 типті ұшақпен тасымалданады.
9 тамыздан бастап Нұр-Сұлтан – Омбы – Нұр-Сұлтан рейстері ашылады. Олардф сейсенбі және бейсенбі күндері Sukhoi Superjet 100 әуе кемесі орындайды.

Қазақстаннан Қытайға жаңа рейс ашылады
7 тамыздан бастап Нұр-Сұлтан халықаралық әуежайынан Қытайдың Чэнду қаласына тікелей әуе рейсі ашылады. Жаңа рейсті Air China әуе компаниясы орындайды. Airbus 320 жолаушылар ұшағы аптасына бір рет жексенбі сайын Чэнду қаласына ұшады. Ұшу уақыты - 5 сағат 45 минут.
Чэнду — Сычуань провинциясының әкімшілік орталығы. Осы мегаполиске туристер көп барады. Ол жерде тарихи жерлер және көрікті орындар баршылық. Қазір Чэндуға Алматыдан ұшуға болады. Air Astana аптасына екі рет әуе рейсін жүзеге асырады. Сонымен қатар, аптасына бір рет China Southern Airlines Алматыдан Үрімшіге ұшады.

Екі қазақстандық банктің бірігуі
"Банк ЦентрКредит" АҚ Қазақстандағы "Альфа-Банкті" SDN тізімінен шығару үшін бас лицензия алу мақсатында OFAC-қа хат жолдады. Оны алғаннан кейін банктің корреспонденттік шоттары мен клиенттердің ақшасы бұғаттан толық шығады деп күтілуде.
Үшінші тамыз күні "Банка ЦентрКредит" және Eco Center Bank (бұрынғы Альфа-Банк Қазақстан) бірігуіне қатысты шешім шығады.
"Банк ЦентрКредит" АҚ және Eco Center Bank АҚ акционерлерінің жалпы жиналысында:
есеп комиссиясының құрамы мен өкілеттік мерзімі;
БЦК мен Eco Center Bank-ті қосылу нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыру;
БЦК-ке Eco Center Bank-тің қосылуы туралы шартын бекіту қарастырылатын болады.
Мамыр айының басында "Банк ЦентрКредит" АҚ осы жылдың наурыз айында Ресейге қарсы санкцияларға ұшыраған Альфа-Банк Қазақстанды сатып алу бойынша мәмілені жапқан болатын. Альфа-Банкті сатып алғаннан кейін Қазақстан БЦК компанияға ребрендинг жүргізді. Банк Eco Center Bank деп қайта тіркелді.

Қазақстандықтар бизнес ашуға грант ала алады
8 тамыздан бастап 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік грантқа Business.enbek.kz порталында өтінім қабылдау басталады.
Бизнеске арналған қайтарымсыз грант конкурсына қолдану мерзімі жарамды "қандас" мәртебесі бар азаматтардың қатысуына мүмкіндігі бар. Грант мемлекетке қайтарылмайды, сомасы - 400 АЕК (1 225 200 теңге).
Өтінім беру үшін:
порталда тіркелу;
грант алу шарттарына сәйкестігіне тексеруден өту;
бизнес-жоспар үлгісін жүктеу, оны толтыру және порталға жүктеу;
өтініш нысанын толтыру және ЭЦҚ кілтімен қол қою қажет.
Жаңа бизнес-идеяны іске асыруға мемлекеттік грант алуға үміткерлер: тіркелген жұмыссыздар; жеке кәсіпкерлер (тіркеу мерзімі 3 жылға дейін); бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер бола алады.

"Қазақстан халқына" қорының шәкіртақысы
1 тамыздан бастап "Қазақстан халқына" қоғамдық қорынан грант пен шәкіртақы алу үшін студенттер 15 тамызға дейін "Taiburyl" ҚБ-ң https://www.taiburyl.kz/ сайтына онлайн-өтінім бере алады.
Шәкіртақы төленетін гранттар бакалавриат бағдарламалары бойынша жоғары білім алу ақысын төлеу үшін мемлекеттік немесе өзге грант ала алмаған, ауылдық жерлердегі жағдайы төмен отбасылардан шыққан түлектерге, жетім балаларға және мүгедектігі бар балаларға беріледі.
Өтінімдер 10-17 тамыз аралығында таңдалған жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының қабылдау комиссиясына өткізіледі.

Тамыздағы ҰБТ
10-13 тамыз күндері мектеп бітіруші түлектер ҰБТ тапсыра алады. Тест тапсырушылар ҰБТ-ға тіркелу кезінде тестілеу өтетін орынды, күнді және уақытты өз еркілері бойынша таңдайды. Сондай-ақ, негізгі ҰБТ-ға қатысқан тест тапсырушылар тамыз айындағы ҰБТ-да басқа бейіндік пәндер комбинациясын таңдауға мүмкіндігі бар.

Нұр-Сұлтандағы Ironman
14 тамызда Нұр-Сұлтанда триатлон әуесқойлары ірі халықаралық Ironman жарысында жиналады. Биылғы жылы "жартылай" деп аталатыннан басқа "толық Ironman" да өтеді. Әрбір жарыс үзіліссіз өткізілетін үш кезеңнен тұрады: 3,86 км жүзу, 180,25 км велосипедпен кіру және 42,195 км марафондық жүгіру.
Ironman 70.3 сериялы жарыс екі есе қысқартылған: 1,9 км жүзу, 90 км велосипед жарысы және 21,1 км жүгіру жарыстарын қарастырады. Жарысқа әлемнің 77 елінен келген триатлеттер 2200 триатлет қатысады.
Бұл екі жылдық үзілістен кейінгі Қазақстандағы алғашқы жарыс болмақ. Ұйымдастырушылар Ұлыбритания, Үндістан, Германия және Ресейден келген триатлеттердің үлкен топтарын күтуде.

Қазақстандықтар тамыз айында қалай демалады
Биыл тамыз айында қазақстандықтар 9 күн демалады. Биыл тамызда аптасына бес күн істейтін азаматтар 22 күн жұмыс істеп, 9 күн демалады. Ал алты күндік жұмыс аптасында – 26 жұмыс күні және алты күн демалыс.
Тамыз айында Қазақстанда Конституция күні аталып өтеді. Осы жылы 30 тамыз сейсенбіге түсіп тұр, осыған байланысты демалыс күні сенбіден дүйсенбіге ауыстырылды.
Сол себепті бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар қатарынан үш күн – 28, 29 және 30 тамыз демалады. Ал алты күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 28, 30 тамыз күні демалады.

sputnik.kz
03 тамыз 2022 ж. 377 0