«Адал көмек» жобасы аясында аудан тұрғынының мәселесі шешімін тапты

Кездесуде азамат М.Байекешовтың көптен бері шешілмей келе жатқан оның апасын мүгедектік тобына енгізу мәселесі тыңдалды.
Нәтижесінде науқастың сырқатына сай емдеуші дәрігерінің тарапынан жүргізілген медициналық құжаттарды, дәрігерлік-кеңестік комиссиясына (ДКК) ұсыныс даярлауға көмек көрсетіліп, мүгедектікке көрсеткіштері айқындалды.
Аталған көрсеткіштер ДКК шешімімен медициналық-әлеуметтік сараптамаға тиісті құжаттарымен бірге жолданып, сараптама нәтижесімен М.Байекешовтың апасына ІІІ топ мүгедектігі белгіленді.
Алдағы уақытта мүгедектік тобына енгізуге қатысты осындай мәселелерді болдырмау мақсатында, Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасымен бірлесіп азаматтар үшін арнайы егжей-тегжейлі жадынама әзірленді.

(Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаменті