Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізіледі

Денсаулық сақтау ұйымдарына сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізітен топтың құрамында:
– Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаментінің превенция және парасаттылық басқармасының қызметкерлері мен Арнайы мониторингтік топ жетекшісі;
– Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері департаментінің мамандары;
– Облыстық ішкі мемлекеттік аудит департаментінің мамандары;
– Қызылорда облысы денсаулық сақтау басқармасының қызметкерлерікіреді.
Осыған сәйкес, денсаулық сақтау саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсыныстарыңызды Департаменттің Facebook әлеуметтік желісіндегі Antikor Kyzylorda парақшасына жолдауларыңызға болады.
Қазақстан Республикасының Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің
Қызылорда облысы бойынша департаменті