Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Арнайы топ мүшелері қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету мақсатында шаралар жүргізуде

Арнайы топ мүшелері қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету мақсатында шаралар жүргізуде

Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының іске асырылуына сыртқы талдау мен бағалаудың арнайы мониторингттік тобы Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің және оның аумақтық департаметтері жанындағы  тұрақты  жұмыс істейтін консультативті-кеңесші орган ретінде құрылған.Республикасының барлық аймақтарында Арнайы мониторингтік топтар құрылып жұмыс жасауда. Осындай топтар біздің облыс бойынша арнайы мониторингтік топпен қатар, аудандық топтар құрылып, жұмыс жасауда.
Арнайы мониторингтік топтар қала және аудан әкімдіктері жанынан құрылған. 
Олардың құрамы азаматтық ұйым өкілдері, саяси партиялар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, жеке кәсіпкерлер, блогерлер және қоғам белсенділерінен жасақталған.
Арнайы мониторингтік тобы қызметінің негізгі мақсаттары,міндеттері мен функицялары, Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 986 Жарлығымен  бекітілген Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының іске асырылуына сыртқы талдау және бағалау жүргізу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінде сыбайлас жемқорлық көріністеріне қоғамдық  мониторингті жүзеге асыру, қоғамда сыбайлас жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыруға ықпал жасау, түсіндіру жұмыстарын жүргізу, азаматтардың жазбаша және ауызша өтініштерін қарау, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау, орталық және жергілікті атқарушы мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік субъектілерінің және басқа да сыбайлас жемқорлыққа қарсы субъектілердің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны жүзеге асыру бойынша есептерін жан-жақты және объективті зерттеу, талдау және баға беру.
Қазіргі уақытта облыстық деңгейде арнайы мониторингтік топтың қызметі жолға қойылып, олар белсенді қызмет жүргізде.
Сондай-ақ, «Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы №285 Жарлығына сәйкес жүргізіліп жатқан жұмыстар, сондай-ақ COVID-19 коронавиурсының таралуына жол бермеу мақсатындағы шараларға өз үлестерін қосуда.
Сонымен қатар, қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету мақсатында әлеуметтік мәселелерді шешуде, әлеуметтік саланың түрлі бағыттарында қоғамдық бақылаумен қатар мониторингтер жүргізу, азаматтардан түскен шағымдардың оң шешімін табуға көмек көрсетумен қатар, әлі шешімін таппаған өзекті мәселелерге жауапты тұлғалардың жауапкершілікпен қарап орындаулары үшін әлеуметтік парақшаларда кеңінен жариялап, тұрғындардың алғысы мен қолдауларына ие болуда.
Мақаланы дайындаған:
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің
Қызылорда облысы бойынша департаменті
Превенция және парасаттылық басқармасының
бас маманы Жакудаев Нұғман Үсенұлы.
01 сәуір 2020 ж. 620 0