Қызылордада 36 адамнан коронавирус анықталды
Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1988 жағдай тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz COVID-19 таралуына жолбермеу жөніндегі ВАК сілтеме жасап.
Ведомство таратқан мәлімет бойынша коронавирустың тәуліктік көрсеткіші төмендеген. Мәселен кеше тәулік ішінде 2197 адамнан қауіпті вирус анықталған болса, бүгін 1988 адам індет жұқтырған.
Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 366 832-ге жетті.
Оның ішінде:
Нұр-Сұлтан қаласында - 521,
Алматы қаласында - 295,
Шымкент қаласында – 32,
Ақмола облысында – 106,
Ақтөбе облысында – 66,
Алматы облысында - 19,
Жетісу облысында - 31,
Атырау облысында - 39,
Шығыс Қазақстан облысында - 33,
Абай облысында - 44,
Жамбыл облысында - 53,
Батыс Қазақстан облысында - 67,
Қарағанды облысында - 339,
Ұлытау облысында - 32,
Қостанай облысында - 97,
Қызылорда облысында - 36,
Маңғыстау облысында - 34,
Павлодар облысында - 95,
Солтүстік Қазақстан облысында - 33,
Түркістан облысында - 16.