МӘМС: Қызылорда облысында тұрғындардың 17 пайызы сақтандырылмаған

«Сақтандырылмаған азаматтар үлесінің 91 мыңнан астам адам (66,8%) соңғы 12 айда төлем жасамағандар және жеке практикамен айналысатын 21,5 мыңға жуық адам аударған жоқ. Сақтандырылмаған қалған тұрғындар – бұл әртүрлі мекемелерде жұмыс істейтін жалдамалы жұмысшылар, азаматтық-құқықтық шарттар бойынша жұмыс істейтін қызметкерлер, жеке кәсіпкерлер, бірыңғай жиынтық төлем төлеушілер және басқа да санаттағы адамдар. Осыған байланысты, әкімдіктер, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері, өңірдегі мемлекеттік кірістер департаменті МӘМС үшін жарналарды уақтылы және тұрақты төлеудің маңыздылығы туралы түсіндіру жұмыстарын күшейтуі қажет», – деп атап өтті Бақыт Исмаханбетов.
Сондай-ақ, филиал директоры «МӘМС туралы» Заңға енгізілген өзгерістер туралы хабарлады. Осылайша, осы жылдың қыркүйегінен бастап дербес төлеушілер МӘМС жүйесінде алдын ала 12 айға төлем жасау арқылы сақтандырыла алады. Бұрын сақтандыру мәртебесін алу үшін пациенттің өткен 12 айға жарнасы төленген болуы және мәртебесін жоғалтпау үшін ай сайын жарналарды үзбей төлеуі міндеттелген еді. 2022 жылы дербес төлеушілер ай сайын ең төменгі жалақы мөлшерінің 5%-ы көлемінде – 3 000 теңге жарна төлейді.
Жиынды қорытындылаған облыс әкімінің орынбасары Нұрымбет Сақтағанов жергілікті атқарушы органдарға, мемлекеттік кірістер департаментіне, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдарына халықты МӘМС жүйесімен қамту бойынша Жол картасын орындау аясында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейтуді, белсенді емес халықты БЖТ-ды үздіксіз төлемдеріне тартуды тапсырды. Сонымен қатар, мемлекеттік кірістер департаментіне МӘМС жарналары мен аударымдарын уақтылы төлеу бойынша тапсырмалар берілді. МӘМС үшін уақтылы төлем жасамаған мекемелерге қатысты «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заңда белгіленген айыппұл қолдану қажет.


kyzylorda-news.kz