МӘМС жүйесінде сақтандырылыңыз!
![](/uploads/posts/2021-08/thumbs/1629183050_1629182479_nur-otan.jpeg)
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Бақыт Исмаханбетовтың айтуынша, кәзіргі танда аймақ тұрғындарының 81,8% МӘМС жүйесінде сақтандырылған, ал 2020 жылы облыс халқының 87% - ын медициналық сақтандырумен қамту міндеті қойылған.
Сонымен қатар, медициналық ұйымдардың жұмысына шағымдар көбейді. Басым үлесі медициналық көмек көрсету сапасыздығы, медициналық көмек көрсетуден бас тарту. 2021 жылдың 6 айында қызылордалықтардан 78 шағым түскен. Мониторингтік тексерулер барысында медициналық ұйымдарға 973 898 теңге көлемінде айыппұл салынды.
Отырыс барысында тиісті ведомстволардың алдына халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту, қызметкерлердің, жеке кәсіпкерлердің МӘМС үшін тұрақты төлемдерін қамтамасыз ету, медициналық қызметтердің сапасын арттыру және т. б. міндеттер қойылды.
Медициналық көмек көрсетуден бас тартқан жағдайда, медициналық қызмет сапасыз болған жағдайда, пациент байланыс орталығына 1406 нөмірі бойынша немесе Qoldau-24/7 мобильді қосымшасы арқылы шағымдана алады.