Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » МӘМС жүйесінде сақтандырылдыңыз ба?

МӘМС жүйесінде сақтандырылдыңыз ба?

Kyzylorda-news.kz. Қызылордада «МӘМС жүйесінде сақтандырылған бол! акциясы өтті. Мақсаты – міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің қағидаттары мен артықшылықтарын, пациенттердің құқықтары мен мүмкіндіктерін түсіндіру.
Медициналық сақтандыру қоры филиалының, облыстық жастар денсаулығы орталығының мамандары «Arai citi mall» сауда-ойын-сауық орталығының келушілеріне МӘМС жүйесі туралы ақпараттық-материалдар, брошюралар, постерлер таратып, сұрақтарға жауап берді.
Атап айтқанда, тұрғындар МӘМС мәртебесін анықтау, қымбат медициналық қызмет алу, пациент ретінде өз құқықтарын қорғау сияқты мәселелерге қызығушылық танытты.
Сондай-ақ, емханаларға еркін тіркелу науқанының осы кезеңінде МӘМС жүйесінде халықты өзектендіру мәселелері аса өзекті. Аймақтын 8 мыңнан астам тұрғыны алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарына тіркелмеген.
Медициналық көмекке қол жеткізбей қалмау үшін тұрғылықты жері бойынша емханада МӘМС жүйесінде тіркелу және сақтандырылу мәртебесін тексеру қажет.
Өзінің cақтандыру мәртебесін Электрондық үкімет порталында, Қор сайтында, Telegram-дағы SaqtandyryBot арқылы және «Qoldau 24/7» мобильді қосымшасы арқылы білуге болады.
Облыста халықтың 80% – ға жуығы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің қатысушылары болып табылады, 147 мыңнан астам адам сақтандырылмаған.
24 қыркүйек 2020 ж. 602 0