«Мәртебеде бол! МӘМС жүйесінде өз мәртебеңді анықта!»

«Қызылорда облысында МӘМС жүйесінде сақтандырылмаған 144 мыңнан астам азамат бар, бұл өңір халқының жалпы санының 20% - ы. Олардың басым бөлігі облыс орталығының, Қазалы ауданының және Байқоңыр қаласының тұрғындары. Негізінде біріңғай жиынтық төлем төлеушілері мен әр түрлі мекемеде жұмыс жасайтын жалдамалы жұмысшылар. Медициналық сақтандыру қорының міндеттері – барлық азаматтарды МӘМС жүйесімен қамту, халықты сапалы медициналық көмекпен қамтамасыз етуге жәрдемдесу», – деп атап өтті «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының халықты ақпараттандыру және өтініштерді қарау бөлімінің басшысы Абылайхан Рахымов.
Медициналық сақтандыру қоры филиалының мамандары №3 қалалық емханаға келушілерге МӘМС жүйесі туралы ақпараттық-материалдар, брошюралар, постерлер таратып, сұрақтарға жауап берді.
Атап айтқанда, тұрғындар МӘМС мәртебесін анықтау, қымбат медициналық қызмет алу, пациент ретінде өз құқықтарын қорғау сияқты мәселелерге қызығушылық танытты.





«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ
Қызылорда облысы бойынша филиалдың халықты
ақпараттандыру және өтініштерді қарау жөніндегі бөлімі