Ауырмайтын жол – тазалық, салауатты өмір салты
Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды. Бұған дейін біраз уақыт елорда «сары» аймақта болған еді, енді эпидахуал жақсарып, "жасыл аймаққа" өтті. Қуантарлығы, бүгінде еліміздің барлық облыстары мен қалалары "жасыл аймақта".
COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК баспасөз қызметінің 12 тамыздағы мәліметі бойынша Қазақстанда 2186 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты.
Нұр-Сұлтан қаласында – 1010, Алматы қаласында – 416, Шымкент қаласында – 241, Ақтөбе облысында – 95, Атырау облысында – 12, Шығыс Қазақстан облысында – 49, Абай облысында – 69, Қарағанды облысында – 150, Қостанай облысында – 18, Қызылорда облысында – 31, Маңғыстау облысында – 27, Павлодар облысында –15,Түркістан облысында – 53. Елімізде барлығы 1 336 456 адам СOVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.
Жалпы, қауіпті індетті жұқтырмау үшін ең алдымен иммунитетті көтеру керек. Ауырмайтын жол – тазалық, салауатты өмір салты, күтім, иммундық ахуалды ұдайы бақылап отыру. Осы қарапайым нәрселерді ұмытпасақ, еліміз аман, жұртымыз тыныш болады. Сондықтан күнделікті тұрмысымызды індеттің алдын алу шараларын қатаң сақтау және екпе алу екенін естен шығармайық.
"Толқын" ақпарат