Ауырмайтын жол – тазалық пен сақтықта
Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды. Бұған дейін біраз уақыт елорда «сары» аймақта болған еді, енді эпидахуал жақсарып, "жасыл аймаққа" өтті. Бүгінде Қазақстанның барлық облыстары мен қалалары «жасыл» аймақта.
COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия 14 тамыздағы эпидемиологиялық жағдайды жариялады. Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 930 жағдай тіркелді. Оның ішінде: Нұр-Сұлтан қаласында – 203, Алматы қаласында – 103, Шымкент қаласында – 9, Ақмола облысында – 75, Ақтөбе облысында – 25, Алматы облысында – 16, Жетісу облысында – 9, Атырау облысында – 39, Шығыс Қазақстан облысында – 2, Абай облысында – 5, Жамбыл облысында – 20, Батыс Қазақстан облысында – 58, Қарағанды облысында – 173, Ұлытау облысында – 1, Қостанай облысында – 44, Қызылорда облысында – 23, Маңғыстау облысында – 13, Павлодар облысында – 60, Солтүстік Қазақстан облысында – 44, Түркістан облысында – 8. Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 377 898-ге жетті.
Қауіпті індетті жұқтырмау үшін ең алдымен иммунитетті көтеру керек. Жалпы, ауырмайтын жол – тазалық, салауатты өмір салты, күтім, иммундық ахуалды ұдайы бақылап отыру. Осы қарапайым нәрселерді ұмытпасақ, еліміз аман, жұртымыз тыныш болады. Сондықтан бізді індеттен енді тек осы екпе ғана құтқара алады. Сондықтан күнделікті тұрмысымызда індеттің алдын алу шараларын қатаң сақтау және екпе алу екенін естен шығармайық.
"Толқын" ақпарат