Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Алдағы күндері ауа райы қандай болады

Алдағы күндері ауа райы қандай болады

Синоптиктер Қазақстанның 18-20 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Болжам бойынша, таяу күндері республиканың батыс, солтүстік, шығыс облыстарына атмосфералық фронталь бөліктер әсер етіп, жаңбыр жауады: 19-20 тамызда облыстың шығысында нөсер жауып, бұршақ түсуі мүмкін, ал республиканың қалған бөлігінде метеожағдай сипаты өзгермейді, жоғары атмосфералық қысым аясында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Қазақстанның солтүстік жартысында түнде топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді.

«Батыста ауа температурасы түнде +18...+26 градустан +12...+23 градусқа дейін, күндіз +30...+38 градустан +27...+35 градусқа дейін төмендейді, оңтүстікте түнде +13...+20 градустан 10...+17 градусқа дейін, күндіз +28...+33 градустан +22...+28 градусқа дейін, республиканың оңтүстік-шығысында +12...+18 градустан 8..+15 градусқа дейін, күндіз +25...+30 градустан +18+23 градусқа дейін, республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында, шығысында, орталығында ауа температурасы түнде +2...+10, күндіз +13...+18 градус, оңтүстікте +23 градус болады», делінген хабарламада.
17 тамыз 2022 ж. 678 0