Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Педагогтердің аттестациядан өту тәртібіне өзгерістер енгізілді

Педагогтердің аттестациядан өту тәртібіне өзгерістер енгізілді

Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов 30 жылдық педагогикалық өтілі және жаңа аттестаттау жүйесі бойынша санаты бар педагогтер біліктілік тестілеуінен босатылатынын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

«Олар аттестаттаудың екінші кезеңінен өтеді, яғни портфолио тапсырады. Сонымен қатар, егер педагогтер біліктілік санатын көтергісі келсе, онда сертификаттау жалпы негізде өтеді. Мысалы, 30 жылдық тәжірибесі бар педагог-сарапшы, егер өз санатын растаса, аттестаттаудың тек екінші кезеңінен өтеді, ал санатты арттырған кезде қосымша ТКТ тапсырады», деп жазды министр әлеуметтік желідегі парақшасында.

Сондай-ақ, 30 жылдық педагогикалық өтілі бар, бірақ ескі аттестаттау жүйесі бойынша жоғары/бірінші санаты бар педагогтер, егер олар «педагог-модератор» санатына ауысса, біліктілік тестілеуінен босатылады.

«Бұл жағдайда олар сертификаттаудың екінші кезеңінен өтеді, яғни портфолио тапсырады. Егер олар жаңа сертификаттау жүйесі бойынша басқа категорияларды алғысы келсе, онда сертификаттау жалпы негізде өтеді», деп жазды Асхат Аймағамбетов.

Министрдің айтуынша, 4 жылдан кейін зейнетке шығатын педагогтерді, егер олар жаңа жүйе бойынша бар санатты растаса, аттестаттаудан босату ұсынылады.

«Егер олар өз біліктілік санатын арттырғысы келсе және сәйкесінше қосымша ақы алғысы келсе, онда сертификаттау жалпы негізде өтеді», деп қосты ведомство басшысы.
31 тамыз 2022 ж. 748 0