Мұғалімдер «Ұстаздық қызметіне адалдығы үшін» құрмет белгісімен марапатталмақ

Педагог аттестаттауға қатысты мәселенің бірі, педагогикалық өтілі 30 жылды құраған ұстаздарға жеңілдіктер жасау жөнінде сауалдар болатын. Бұл да өз шешімін табады. Атап айтсақ, егер осы категориядағы ұстаздар жаңа тұрғыдағы біліктілік санаттың иелері болып, өзі иеленетін санат деңгейінде қалғысы келсе, яки қайта қорғайтын жағдайда, онда бірінші кезең (тестілеу) шарасына қатыспай-ақ, екінші кезең (құжат тапсыру) шарасы арқылы өзінің санатын қорғай алады. Ал өзінің санатын бір сатыға көтергісі келген жағдайда, онда аттестаттаудың екі кезеңі (тестілеу+құжат тапсыру) бойынша да жұмысқа қатысатын болады.
"Толқын" ақпарат