Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » «Үздік педагог» атанған мұғалім қанша миллион теңге алады?

«Үздік педагог» атанған мұғалім қанша миллион теңге алады?

Білім және ғылым министрлігінің мәліметінше, биыл 173 мұғалім 2021 жылдың «Үздік педагогі» атағына үміткер.

Мұғалімдердің кәсіби мерекесі қарсаңында республикалық комиссия үздіктерді анықтап жатыр. 173-тің арасынан елуден астам мұғалім «Үздік педагог» атағына ие болады.
«Байқауға 132 мектепке дейінгі және орта білім беру, 41 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымының педагогтері қатысып жатыр. Былтырдан бастап конкурсқа қатысу үшін өтінімдер, материалдар электрондық форматта қабылданады. «Үздік педагог» атағына білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін және кемінде бес жыл үздіксіз педагогикалық өтілі бар мұғалімдер үміткер бола алады», – деді Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрайымы Гүлмира Кәрімова.
«Үздік педагог» байқауы 2012 жылдан бері өткізіліп келеді. «Үздік педагог» атағының иегерлері төсбелгі мен 3 миллион теңге (1000 АЕК) көлемінде ақшалай сыйақы алады.

aikyn.kz
27 қыркүйек 2021 ж. 339 0