Нұр-Сұлтанда жылдың үздік тәрбиешісі анықталды

Сонымен қатар, "Зерттеуші педагог" номинациясы бойынша №28 "Жұлдыз" ясли-бақшасының тәрбиешісі Элмира Ратқул, №46 "Самал" ясли-бақшасының тәрбиешісі Роза Таласова "Жаңашыл педагог", №47 "Ақ желкен" ясли-бақшасының тәрбиешісі Ләззат Базарова, №85 "Мейіржан" ясли-бақшасының тәрбиешісі Гүлмира Абенова "Эрудит-педагог" аталымы бойынша жеңімпаз атанды. Байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне білім басқармасының дипломдар, білім беруді жаңғырту орталығының сертификаттары, сондай-ақ ақшалай сыйақылар табысталды.