Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Білім-басты құндылық

Білім-басты құндылық

 Сейсенбі күні ауданда тамыз мәслихаты өтіп, білім саласындағы жеткен жетістіктер мен кемшін тұстар тізбеленіп қорытындыланды. Мәдениет үйінде өткен тамыз кеңесінде аудан әкімі М.Оразбаев ұстаздарды жаңа оқу жылымен құттықтап, еңбектеріне табыс тіледі. Аудан әкімі ұстаздар мерекесінің ашылу салтанатында «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты тақырыптағы баяндамасын оқыды. Одан соң, аудан әкімі мемлекет басшысының «Ұлт жоспары-100 нақты қадамның» 76-қадамында көрсетілген «12 жылдық білім беруді кезең-кезеңімен енгізу, функционалдық сауаттылықты дамыту үшін мектептегі оқыту-стандарттарын жаңарту» жөніндегі тапсырмасын орындау  мақсатында ауданымызда атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.
Келелі кеңесте  сөз алған облыстық білім басқармасының басшысы Майра Тұрғанбайқызы  мұғалімдердің ғылыми-зерттеу жұмысына қатысулары, ғылыми және көпшілік-педагогикалық жарияланымдар шығаруы, заманауи педагогикалық технологияларды игеруі, компьютерлік техниканы игере отырып, ақпараттық сауаттылығын барынша дамытулары оқушылардың ҰБТ-дағы білім көрсеткіштерін нәтижелі ететінін айтты. Сонымен қатар, педагог мамандардың кәсіби деңгейін ұдайы көтеріп отыру, олардың теориялық білімі мен әдістемелік білігін үздіксіз жетілдіру, оқытудың әдіс-тәсілдерімен тиісінше қаруландырып, шығармашылық жұмыстарына қолдау көрсету-білім беруді ұйымдастырудың маңызды міндеттері екенін жеткізді. Әрине мұндағы мақсат-білім жетілдірудің брізділігін, үздіксіздігін қамтамасыз ете отырып, оның сапасын арттыру екені сөззсіз. Облыстың бас ұстазы білім саласындағы тұшымды жаңалықтарды атап өтті. Көптеген мәселелер қаузалған кеңесте Жақсықылыш аулындағы «Ақбұлақ» балабақшасының меңгерушісі М.махатова балалардың тәлім-тәрбие алуына өзек болатын, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының жұмыстарына тоқталып өтті.
Өткен оқу жылын түйіндеп, алдағы басталғалы тұрған оқу жылының бағдарын айқындайтын тамыз кеңесінде аудандық білім бөлімінің басшысы С.Жанназарова  білім саласында атқарылып жатырған жүйелі жұмыстар жайына тоқталды. Келесі сөз жыл сайын білім саласындағы педагог мәртебесін қолдауға арналған шаралар мен қайырымдылық акцияларында демеушілік жасап жүрген аудандық мәслихат депутаты Темір Бисенбаевқа берілді. Халық қалаулысы ұстаздар мәртебесін арттыру жөнінде ойын айтып, алғашқы оқу жылымен құттықтады.
Жиын соңында, аудан әкімі еліміздің жас жеткіншектерін оқытып, тәрбиелеу жолында сіңірген еңбектері мен білім саласын дамытуға қосқан үлестері үшін бір топ ұстазды  ҚР Білім және ғылым министрлігінің Құрмет Грамотасымен,Алғыс хатымен, облыс , аудан әкімдерініңАлғыс хаттарымен және Қызылорда облысының білім басқармасының Құрмет грамоталарымен марапаттады. Салтанатты жиын соңында әр мектептің жас ұстаздары «Отан» әнін хормен орындап, әріптестеріне құрмет көрсетті.
Света Үсенқұлова
  
29 тамыз 2018 ж. 1 539 0