Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ЖОЛДАУ ЖОЛЫМЕН –БІЛІМ БИІГІНЕ

ЖОЛДАУ ЖОЛЫМЕН –БІЛІМ БИІГІНЕ

Бүгінде әлем Елбасы Жолдауында атап көрсетілгендей, Төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріне, технологиялық, экономикалық және әлеуметтік салалардағы терең және қарқынды өзгерістер кезеңіне қадам басып келеді. Сондықтан еліміздің түкпір-түкпіріндегі білім ордаларында Елбасы Жолдауына орай әртүрлі деңгейде іс-шаралар өткізілуде - деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметі. 
Осы орайда, күні кеше аудандық мәдениет орталығында аудандық білім бөлімі мен білім қызметкерлері кәсіподағы комитетінің ұйымдастыруымен аудандық мектептердің ұстаздар ұжымы арасында «Жолдау жолымен – білім биігіне!» атты тақырыпта үгіт-насихат бригадалар байқауы болып өтті. Аудандық байқаудың ашылу салтанатында комиссия төрағасы әрі білім қызметкерлері кәсіподағы аудандық комитетінің төрағасы Е.Алмағамбетовсөз алып, «Бүгінгі шанарның негізгі мақсаты – Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» жолдауын, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын облыс ұстаздары арасында кеңінен насихаттау. Жолдауда көрсетілген 10 басым бағытқа баса назар аударып, жалпы білім беру саласына және білім ұйымдарына жасалып жатқан жағымды жаңалықтарды дәріптеу. Сонымен қатар, мектептердегі белсенді жастардың шығармашылық қабілетін арттыру, оған тың серпін туғызу, сондай-ақ, кәсіподақ ұйымының белсенді көзқарасын, бағытын айқындау, –дей келе барша қатысушыларға сәттілік тіледі.
Аудандық жарысқа онға жуық мектептің ұстаздары қатысып, бағын сынады. Байқаудың шарттары ұстаздар қауымы үшін күрделі әрі қызғылықты мазмұнда өтті. Тарқата айтқанда үгіт-насихат бригадасының құрамы 12 адамнан құралып, топ құрамы бірдей киінді, шарт бойынша олардың арнайы формасы, төсбелгісі болды. Сайыс шарттарына сәйкес әр топтың көрсетілім уақыты 15 минуттан белгіленіп, ұстаздар байқау барысында үгіт-насихат материалдарын, көрнекілік құралдарын, рұқсат етілген өзекті аудио, бейнетаспаларды пайдаланды. Бұған қоса, бағын сынаған мұғалімдер үгіт-насихат бригадасының іс-шара сценарийін құруда ертегі, пьеса, мюзикл, әдеби шығармалар желісін пайдаланды. Сонымен қатар, сайыс барысында миниатура, монолог, диалог түрінде хореографиялық, вокальды, театрландырылған қойылымдар көрсетті.
Осылайша байқау барысында ұстаздар қауымы жолдауды насихаттауға барынша өз үлестерін қосты. Сайыс қорытындысымен "Үздік үгіт бригадасы" атағына Арал қаласындағы № 71 орта мектеп ұжымы ие болды.
«Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Елбасы Жолдауы 10 бағыттан тұрады. Атап айтар болсақ, Индустрияландыру және технологияларды енгізудің көшбасшысы, Ресурстық әлеуетті одан әрі дамыту, Ақылды технологиялар-агроөнеркәсіп кешенін қарқынды дамыту мүмкіндігі, Көлік-логистика инфрақұрылым тиімділігін арттыру, Құрылысқа және коммуналдық секторға заманауи технологияларды енгізу, Қаржы секторын қайта жаңғырту, Адами капитал-жаңғыру негізі, Тиімді мемлекеттік басқару, Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі, Ақылды қалалар Ақылды ұлт үшін.
16 наурыз 2018 ж. 1 638 0