Жыл үздіктері құрмет төрінде

Қорытынды жиынды ашып сөз сөйлеген Гүлнар Бабабекқызы ұлағатты ұстаздарымызды оқу жылының сәтті де жемісті аяқталуымен құттықтады.Өз сөзінде облыстық кәсіподақ саласындағы атқарылған жұмыстарға ерекше тоқтала келе,алдағы ел тарихы үшін маңызды кезең референдумда белсенді болуға шақырды.Аудандық білім бөлімінің басшысы Санира Нұрқожақызы жыл көлемінде жетістікке жеткен ұстаздарға өз алғысын білдіріп,бала тәрбиесіндегі еңбектеріне жеміс тіледі.Оқу жылының қорытындысы бойынша білім беру саласын дамытуға елеулі үлес қосып, жоғары жетістіктерге жеткен, ұстаздық өрнегін танытып, білім беру әдістемесін тәжірибеде таратып жүрген ұстаздарымыз
№73 орта мектебінің директоры Алимжанов Айбек пен №177 орта мектебінің директоры Сулейменова Кулайша Таниевна "Қазақстан білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін" төсбелгісімен,
Имағамбетов Әбдіхамит Әнесұлы №58 орта мектеп директоры,Сауяев Айтуган Сақтапбергенович №260 орта мектеп директоры, Садыков Сакен Буркитович №61 орта мектеп директоры Республикалық білім қызметкерлері кәсіподағының Құрмет грамотасымен және көптеген ұстаздар облыстық білім кәсіподағының Құрмет грамоталарымен марапаттады.


