Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » МӘМС бойынша стоматологиялық көмекке кімдер жүгіне алады?

МӘМС бойынша стоматологиялық көмекке кімдер жүгіне алады?

МӘМС арқылы тіс дәрігерінің қызметіне жүгіне алатындардың тізіміне азаматтардың жекелеген санаттары кіреді деп хабарлайды BAQ.KZ.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру арқылы 18 жасқа дейінгі балалар мен жүкті әйелдер жоспарлы стоматологиялық көмек ала алады.

Ал шұғыл стоматологиялық көмек төмендегі тізімде көрсетілген санаттағы азаматтарға қолжетімді:

- 18 жасқа дейінгі балалар;

- жүкті әйелдер;

- Ұлы Отан соғысының ардагерлері;

- 1, 2, 3 топтағы мүгедектігі бар азаматтар;

- «Алтын алқа» және «Күміс алқамен» марапатталған көпбалалы аналар;

- атаулы әлеуметтік көмек алушылар;

- зейнеткерлер;

- инфекциялық, әлеуметтік мәні бар аурулармен және айналадағылар үшін қауіп төндіретін аурумен ауыратын науқастар;

- мүгедектігі бар баланы күтіп-бағып отырған жұмыс істемейтін адамдар;

- бірінші топтағы мүгедекке күтім жасайтын жұмыс істемейтін адамдар.
01 қыркүйек 2022 ж. 251 0