Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » МӘМС: стоматологиялық көмекті кім тегін ала алады?

МӘМС: стоматологиялық көмекті кім тегін ала алады?

Егер міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізгенге дейін пациенттер стоматологиялық қызметтерді тек тіркеу арқылы емханалырында ғана алатын болса, енді ӘМСҚ-мен келісім жасасқан кез келген стоматологиялық клиникада ем алуға мүмкіндік алды, деп хабарлады Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Бақыт Исмаханбетов.
Қор филиалы директорының айтуынша, МӘМС жүйесінде жоспарлы стоматологиялық көмек 18 жасқа дейінгі балалар мен жүкті әйелдерге көрсетіледі. Олар мұндай қызметтерді жоспарлы түрде ала алады: анестезия, пломба салу, терапиялық қабылдау, пульпитті, периодонтитті емдеу, гипоплазия, флюороз кезінде тістің анатомиялық формасын толық функционалды қалпына келтіру. Сондай-ақ, тісті жұлудың хирургиялық әдістері, еріннің, тілдің френальды болігіне платикалық хирургия, жақ рентгені және анестезия.
МӘМС жүйесінде шұғыл стоматологиялық көмекті 18 жасқа дейінгі балалар, жүкті әйелдер, Ұлы Отан соғысының ардагерлері, I, II, III топтағы мүгедектер, «Күміс алқа» және «Алтын алқа» иегерлері, атаулы әлеуметтік көмек алушылар, жасы бойынша зейнеткерлер, мүгедек балаға немесе бала кезінен I топтағы мүгедекке күтім жасайтын жұмыс істемейтін адамдарға
Осы санаттағы азаматтар шұғыл жағдайларда хирургиялық қабылдау, тұрақты тісті жұлу, абсцесті ашу, одонтогенді кистаны кетіру, альвеолитті емдеу, луночка жүйкесінің невритін емдеу, ауыз қуысының жұмсақ тіндерін кесу, жақ-бет аймағының жарасын бастапқы хирургиялық өңдеу сияқты қызметтер көрсетіледі. Сондай-ақ, жақ-бет аймағының туа біткен патологиясы бар балалар мемлекеттік тапсырыс есебінен ортодонтиялық көмек ала алады.
Бақыт Исмаханбетов атап өткендей, науқас стоматологиялық клиниканы таңдауға ерікті. Тек медициналық ұйым ӘМСҚ дерекқорында болуы тиіс. Қызылорда облысында 33 жеткізуші стоматологиялық қызмет көрсетеді, оның 10 - ы мемлекеттік, 23-і жеке клиникалар. Тізімімен осы жерде таныса аласыздар.
Медициналық көмекке қатысты барлық сұрақтар бойынша 1406 бірыңғай колл-орталығына немесе «Qoldau 24/7» мобильді қосымшасы арқылы жүгіне аласыз.
Скачать файл: st.pdf [174,91 Kb] (cкачиваний: 0)
Посмотреть онлайн файл: st.pdf


29 шілде 2021 ж. 735 0