Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » МӘМС арқылы жоғары технологиялық медициналық қызмет қол жетімді

МӘМС арқылы жоғары технологиялық медициналық қызмет қол жетімді

Kyzylorda-news.kz. Жыл басынан бері Қызылорда облысында жоғары технологиялық қызметтерді қолдана отырып, қан айналымы, несеп-жыныс жүйелері аурулары бар науқастар көп емделді. Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Бақыт Исмаханбетов мәлімдеді.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалы жоғары технологиялық медициналық қызмет (ЖТМҚ) көрсету үшін көпбейінді облыстық ауруханамен, «Medium» ЖШС-мен келісім-шарт жасады, – деді Бақыт Исмаханбетов.
2020 жылдың 1 тоқсанында осы медициналық ұйымдарда 20 адам емделді. МӘМС аясында заманауи алдыңғы қатарлы әдістерді қолданумен операциялар жүргізілді. Бұл мақсатқа Қор филиалы 72 млн теңгеден астам қаржы бөлді.
Филиал басшысының айтуынша, өткен жылы аталған қызметтерді тек халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттары, оның ішінде жүкті әйелдер, 18 жасқа дейінгі балалар, зейнеткерлер тегін ала алатын. 2020 жылдан бастап ЖТМҚ жоспарлы емдеуге жатқызу кезінде барлық сақтандырылған азаматтар үшін тегін болды.
«Жалпы, жоғары технологиялық медициналық қызметті қаржыландыру көлемін ұлғайту оларды алу үшін күту мерзімін азайтуға және жаңа қызмет көрсетушілерді тартуға мүмкіндік береді. Жиынтығында бұл шаралар халыққа жоғары технологиялық медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға ықпал етуі тиіс, – дейді филиал директоры.
04 маусым 2020 ж. 808 0