Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу – баршаның міндеті

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу – баршаның міндеті

Сыбайлас жемқорлықпен күресу – Қазақстанның бүгінгі күндегі үлкен мәселелерінің бірі. Ол үлкен әлеуметтік қасірет болып табылады. Жемқорлық мемлекеттік құрылымды іштей бұзып, еліміздің дамуына, халқымыздың игілігіне барын салуға дайын азаматтардың прогрессивті бастамаларын жоққа шығарады.
Сыбайлас жемқорлық бір күнде жойылатын іс емес. Ол еліміздің әр азаматы жұмыла күрескен сәтте ғана нәтижелі болатыны айқын. Мемлекеттің дамуына бармақ басты, көз қыстылықтың тигізер кесірін бұрынғы өткен ата-бабаларымыз да дөп басып «тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деген.
Жемқорлықпен күрестің өзі қауіпті әлеуметтік құбылыспен күрес болып табылады. Осыған орай, билік органдары жүйесінде қатаң ішкі құрылымдық бақылау жүргізу өте орынды. Жалпыға белгілі жағдай, жемқорлықты тудыратын тек Қазақстанға ғана қатысты емес, жаңарту жолындағы, әсіресе орталықтанған жүйеден нарықтық экономикаға көшуді бастан өткеріп отырған елдерге де қатысты мәселелер жатады. Сондай-ақ демократиялық, мемлекеттік бастаулардың өрістеуіне, мемлекетті басқарудағы жариялылық пен бақылауға, халықтың мемлекет пен оның құрылымдарына деген сенімін ұлғайтуға, білікті мамандардың мемлекеттік қызметке түсуіне ынталандыруға, мемлекеттік функцияларды атқаратын тұлғалардың жемқорлыққа жол бермеуіне жағдай жасауға бағытталған.
Жемқорлықты жою – еліміздің фундаменталды құндылығы – тәуелсіздігімізді нығайтатын негізгі шарттардың бірі. Азаматтық қоғамның барлық секторларымен, барлық мемлекеттік органдарымен, бизнес өкілдерімен ынтымақтастықта ғана осы мәселені шешіп, Қазақстанның гүлденуіне жағдай жасай аламыз.
Қазіргі таңда бұл мәселеге еліміздегі мемлекеттік органдар өте үлкен көңіл бөледі. Елімізде жемқорлықпен күреске нақты қадамдар қолға алынуда. Барлық деңгейдегі депутаттардың, саяси партиялардың, үкіметтік емес ұйымдардың, ұлттық-мәдени орталықтардың, бизнес қауымдастығының, жастар ұйымдарының, ғылыми орта мен БАҚ қатысуымен қоғамдық кеңестер құрылған. Аталған шаралар жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімділігін арттыруға септігін тигізеді. Алайда жемқорлықпен күрес әлі өзекті мәселе болып отыр. Осы орайда, қоғамымыздың дамуы үшін аталған мәселемен күресте барлық Қазақстан Республикасының азаматтарының үлес қосуы тиіс.
Өзара сенім, жауапкершілік пен серіктестік негізінде мемлекет, қоғам және бизнес өкілдерінің бірігуі, қоғамдағы жемқорлыққа қарсы пікір мен құқықтық сананы қалыптастыру еліміздегі жемқорлық деген әлеуметтік мәселені жоятынына сенімдімін.
Қ.Қуанышов,
«Арал аудандық мәдениет үйі»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын директоры
05 қыркүйек 2022 ж. 961 0