Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Сыбайлас жемқорлықпен күрес – баршаның міндеті

Сыбайлас жемқорлықпен күрес – баршаның міндеті

Сыбайлас жемқорлық – жай ғана құқық бұзушылық емес, ол еліміздің демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтыру жолындағы ең басты қауіп-қатерлерінің бірі. Сондықтан да оны болдырмау, алдын-алу мақсатында елімізде көптеген іс-шаралар жоспарланып, жүзеге асырылуда. Сыбайлас жемқорлық еліміздің экономикасы мен ұлттық қауіпсіздігіне орасан зор нұқсан келтіріп қана қоймай, нарықтық экономиканың дамуына залалын тигізеді. Сол себепті онымен күрес мемлекеттік саясаттың басым бағыттарына айналған.

2015 жылдың 18 қарашасында Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңы қабылданып, онда сыбайлас жемқорлықпен күресу әрбір мемлекеттік органдар басшыларының, ел азаматтарының міндеті екендігі атап көрсетілді. Аталмыш заң, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруға бағытталған.

Сондай-ақ, Қазақстанның 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы он жылдық стратегиясы да қабылданды. Стратегияның мақсаты-мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне «мүлдем төзбеушілік» ахуалын жасау арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа бүкіл қоғамды  тарту және Қазақстанда  сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету болып табылады.
«Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында да Елбасымыз сыбайлас жемқорлықтың жай құқық бұзушылық емес екенін қатаң ескертіп, оған қарсы мемлекет пен қоғам жұмыла кірісу керектігін айтып, «Жемқорлық-мемлекеттің тиімділігіне деген сенімді сетінетеді және ұлттық қауіпсіздікке төнген тікелей қатер. Біздің түпкі мақсатымыз – жемқорлықты құбылыс ретінде жою үшін оған қарсы заңнамаларды жетілдіру арқылы жемқорлықпен күресті күшейтуіміз керек» деген болатын.
Сыбайлас жемқорлық дегеніміз – қызметкер өзінің қызметтік жағдайын қоғам мен мемлекеттің заңды мүдделеріне қайшы келетін мақсатта, яғни ақша, құндылықтар, мүлік немесе мүліктік сипаттағы қызметтер түрінде пайда алу мақсатында теріс пайдалануы.
Жалпы Қазақстанда тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан-ақ сыбайлас жемқорлықпен күрес жіті қолға алынған болатын. Соған қарамастан бұл індет қоғам өмірінде анда-санда болса да бой көрсетіп қалып жүргені рас.
Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес  ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Сондықтан да, әрбір мемлекеттік қызметші отансүйгіштікті, ақыл парасатты, білімді, жігерді, адалдықты жанына жалау етіп, Ата Заңымызды ардақтаса, сыбайлас жемқорлықтың сағы сынар еді.
Т. ТЛЕУБАЕВА,
Арал аудандық сотының бас маманы
30 қараша 2021 ж. 544 0