Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 6 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

6 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен еліміздің батысында, солтүстігінде, солтүстік-батысында найзағай ойнап, жаңбыр жауады, елдің оңтүстік-батысында нөсер жаңбыр жауады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Қазақстанның қалған аумағында күн жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша кей жерлерде жел күшейіп, оңтүстік-батыста шаңды дауыл тұрады.

Жамбыл, Қызылорда, Түркістан, Ақтөбе, Алматы, Жетісу, Ұлытау облыстарының басым бөлігінде, Қостанай облысының оңтүстігінде, Абай облысының оңтүстігі мен шығысында, Қарағанды облысының батысында, оңтүстігінде және шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі.

Күндіз Жетісу, Ұлытау, Шығыс Қазақстан, Абай, Қызылорда облыстарының басым бөлігінде, Павлодар облысының оңтүстігінде, Қарағанды облысының батысы мен оңтүстігінде, Жамбыл облысының солтүстігі мен оңтүстігінде қатты ыстық күтіледі.

kyzylorda-news.kz
06 қыркүйек 2022 ж. 515 0