Қызылорда облысы жылу маусымына дайын ба?

Жиналысқа аудан әкімдері,ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті мен тиісті басқарма басшылары, «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС және көмір жеткізетін өңірлік операторлар қатысты.
Бүгінде облыс көлемінде 29 өңірлік операторлар бар. Көмір отынына бағаның негізсіз өсуін, ортадағы делдалдарды болдырмау үшін кәсіпкерлерге тікелей көмір өндірушілермен биржа арқылы көмірді сатып алу бойынша түсіндірме берілді.
Мархабат Жайымбетұлы аудан әкімдеріне, сала басшыларына алдағы жылу беру маусымында көмір тапшылығын болдырмау мақсатында өңірлік операторлармен тиісті жұмыстарды атқаруды, сондай-ақ, халықтың көмірді кедергісіз сатып алуын қамтамасыз етуді қатаң тапсырды.
