Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аралда облыстық ата-аналар форумы өтті

Аралда облыстық ата-аналар форумы өтті

Бүгін Арал ауданындағы №262 мектеп-гимназиясында «Сенімен Болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігімен «Саналы ұрпақ – ұлт болашағы» атты облыстық ата-аналар форумы бастау алды. Жиынға ата-аналар комитетінің, қамқоршылық кеңесінің төрағалары, мектеп директорлары, ардагерлер, психологтар мен БАҚ өкілдері қатысты. Форумға қатысушылар алдымен «Ұлттық құндылықтар – ұлт қазынасы» тақырыбындағы қолөнер бұйымдарының көрмесін тамашалады.

Бала тәрбиесіндегі әке мен ана, отбасы құндылықтарының ролін насихаттауға бағытталған басқосуға аудан әкімінің орынбасары К. Бержанов қатысып, аталмыш шараның мән-маңызына тоқталды. Сонымен бірге, ауданға арнайы келген қоғамдық бірлестік өкілдерінен ризашылығын жеткізіп, форум жұмысына сәттілік тіледі.

Одан соң сөз аған аудан бойынша білім бөлімінің басшысы С.Жанназарова ұрпақ тәрбиесіндегі отбасының берер тәлімі айрықша екеніндігін тоқталып, бесік жыры мен ертегі, дастандар жаттап тағылымын бойына сіңіріп өскен балалардың болашағы зор болатындығын атап өтті.

«Сенімен болашақ» республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалының директоры С. Бекмырзаұлы әке,ана моделімен бірге бақытты бала моделін қалыптастырудағы негізгі мақсаттары мен жұмыс барысын түсіндірді. Мұнан кейін аталған қоғамдық бірлестік төрайымы Ж.Исмағұлова өмірлік тәжірибелерден мысал келтіріп , ой-пікірлері ортаға салды.

Жиын барысында «Сенімен болашақ» республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігі мен Арал ауданы бойынша білім бөлімі арасында ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойылды.

Форум барысында арнайы келген белгілі ғалым, жазушы, абайтанушы Омар Жәлел семинар-кеңес өткізіп, психолог-тренер Н.Аймаханова ата-аналармен сұқбат құратын болады.
kyzylorda-news.kz
12 қазан 2022 ж. 592 0