Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » БЖЗҚ жастарға есігін ашты

БЖЗҚ жастарға есігін ашты

2018 жылдың 20 қарашасында БЖЗҚ АҚ Қызылорда облыстық филиалында «БЖЗҚ барлық салымшыларға қолжетімді» атты Ашық есік күні өтті. Оған (200)екі жүзден асаадам қатысты. Алғаш рет шараға салымшылар мен алушылармен бірге жоғары сынып оқушылары мен студенттер арнайы шақырылды. Филиал директоры Құрманғали Арнұр Дәденұлы атап өткендей, БЖЗҚ өскелең ұрпақтың арасында қаржылық сауаттылық пен зейнетақыны жоспарлау дағдыларын қалыптастыруға ерекше мән береді.- «Қазір зейнеткерлер зейнетақысының негізгі бөлігін мемлекеттік бюджеттен алатын болса, келешекте бүгінгі оқушылар мен студенттердің зейнетақы көлемі негізінен олардың өздерінің аударған жинақтарына байланысты болады. Сондықтан оларды мектеп табалдырығынан бастап зейнетақыны жоспарлауға үйретуіміз керек», - дейді филиал жетекшісі.
Қор қызметкерлері Ашық есік шарасына келгендерге зейнетақы қызметтері мен кеңес алу жолдары туралы айтып берді. Сонымен қатар шараға қатысушылар қор қызметтеріне қалай жүгінуге болатындығымен және кеңес алу жолдарымен танысты.
Зейнетақы қызметтерінің қолжетімділігі Бірыңғай зейнетақы жинақтаушы қорының басым бағыттарының бірі. БЖЗҚ әрдайым хабарландыру тәсілдері мен қызметтердің сапасын уақыт талабына сай дамытуға тырысады. Бүгінде Қор қызметтері еліміздің барлық тұрғындарына дерлік қолжетімді. Республиканың бүкіл аймақтарында 216 дербес қызмет көрсету орталықтары жұмыс істейді. Көшпелі қызмет тиімді ұйымдастырылып, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға мобильді агенттер қызмет көрсетеді.
Биыл көктемде Алматы, Атырау, Қостанай облыстарында шалғай елді мекендерге қызмет көрсету үшін жылжымалы кеңселер іске қосылды. Келесі жылы көліктегі кеңселер еліміздің тағы 12 аймағында жұмысқа кіріспек. Өзіне-өзі қызмет көрсетуді жетілдіру үшін барлық өңірлік филиалдарда терминалдар, 10 қалада ақпараттық дүңгіршіктер орнатылған. Сонымен қатар көптеген қызмет түрлері ЕНПФ сайты, egov.kz электрондық үкімет сайты және биыл іске қосылған telegram-бот арқылы да қолжетімді. Салымшыларға кеңес беру үшін 1418 нөмірі бойынша байланыс орталығы жұмыс істейді.
Толғандырған сұрақтарды Қор төрайымының блогына немесе әлеуметтік желілердегі парақшаларға жолдауға болады.
- БЖЗҚ қызметтерінің 80 пайызы қазір қашықтықтан электрондық түрде қолжетімді. Осының арқасында кеңсеге келіп, кезек күтпей-ақ интернет арқылы немесе ұялы телефондардың кез-келген операциялық жүйесіне бейімделген ENPF ұялы қосымшасы арқылы қызмет алуға болады. Бұл салымшылар мен алымшылардың уақытын үнемдеуге мүмкіндік береді», -деп атап өтті филиал директоры.
Қор өкілдерінің айтуынша, электрондық тәсілмен міндетті және ерікті зейнетақы жарналарын есептеу жөніндегі жеке зейнетақы шоттарын ашуға, жеке зейнетақы шотының жай-күйі туралы хабарлама алуға, деректемелерді немесе ЖЗШ жай-күйі туралы ақпарат алу тәсілін өзгертуге, т.б. қызметтер алуға болады. Сондай-ақ, Қор сайтында болашақ жинақтар мен төлемдердің шамалас мөлшерін есептеуге арналған зейнетақы калькуляторы бар.
Қор қызметкерлері шараға қатысушыларға жеке кеңес беріп, оларды қор қызметтеріне өз бетінше жүгіну тәсілдеріне, жеке кабинет ашуға, ұялы қосымшаны қолдануға үйретті. Шараға қатысушы жастар арасында зейнетақы жүйесі туралы сұрақтар бойынша викторина ұйымдастырылды. Сайыста колледж студенттеріозық нәтиже көрсетті.Филиал директорыА.Д. Құрманғали жеңімпаздарды алғыс хаттармен марапаттады.
- «Мен бүгін зейнетақы жүйесі туралы, Қор қызметтерін интернет арқылы қалай пайдалунға болатыны туралы көптеген қызықты мағлұмат алдым. БЖЗҚ ұялы қосымшасын телефоныма жүктедім, енді ата-анамды оны қалай пайдалану керектігіне үйретемін», - дейді шараға қатысушы оқушы Назарова Г.
БЖЗҚАҚ Ашық есік күнін екінші жыл қатарынан тоқсан сайын өткізіп келеді. Оған қатысушылар зейнетақы жүйесіндегі жаңалықтар мен өзгерістер туралы біліп қана қоймай, жеке кеңес те ала алады. Осы уақыт іаралығында аталмыш шараға 30 мыңға тарта адам қатысты.
БЖЗҚ Қызылорда облыстық филиалы
////////////////////////////////////////////////////////////
ЕНПФ открыл двери юным посетителям
20 ноября 2018 года вКызылординском областном филиале АО «ЕНПФ» состоялся «День открытых дверей на тему«Доступный ЕНПФ для всех вкладчиков». Его посетителями сталиболее двухсот (200) человек. Впервые наряду с вкладчиками и получателями фондпригласил на мероприятие старшеклассников и студентов. Как разъяснил директор филиала Құрманғали Арнұр Дәденұлы, фонд уделяет особое внимание формированию финансовой грамотности и культуры пенсионного планирования подрастающего поколения.
«Сейчас пенсионеры основную часть пенсии получают из государственного бюджета, а пенсия нынешних школьников и студентов будут зависеть в основном от них самих. Поэтому важно со школьной скамьи учить их навыкам пенсионного планирования», - сказал нам собеседник.
Сотрудники фонда рассказали посетителям о способах получения услуг и каналах коммуникаций пенсионного фонда с населением. Сегодня услуги ЕНПФ доступны практически всем жителям страны. Во всех регионах республики работают 216 центров персонального обслуживания, организована служба выездного обслуживания, работают мобильные агенты, которые предоставляют услуги людям с ограниченными возможностями.Также с этого года запущены мобильные офисыв Алматинской, Атырауской и Костанайской областях, которые выезжают в отдаленныенаселенные пункты и консультируют их на местах. В следующем году «офисы на колесах» появятся еще в 12 регионах страны.Для развития системы самообслуживания во всех региональных филиалах установлены терминалы, а в 10 городах в отделениях фонда - информационные киоски. Также большинство услуг можно получать через сайт ЕНПФ, сайт электронного правительства egov.kz и запущенный в этом году telegram-бот. Для консультации вкладчиков работает контакт-центр 1418. Ответы на интересующие вопросы можно получить и через блог председателя и страницы ЕНПФ в социальных сетях.
Как рассказали сотрудники фонда, 80 процентов услуг доступны электронным способом. Среди них заключение договора об открытии
индивидуального пенсионного счета по учету обязательных и добровольных пенсионных взносов, получениевыписки о состоянии индивидуального пенсионного счета, изменение реквизитов или способа получения выписки о состоянии ИПС и множество других. На сайте Фонда также есть пенсионный калькулятор, с помощью которого можно посчитать примерную сумму своих будущих накоплений и выплат. Сотрудники фонда проконсультировали посетителей по индивидуальным вопросам, а также наглядно показали, как самостоятельно пользоваться услугами фонда, открыть личный кабинет, скачать мобильное приложение и т.д.
Чтобы закрепить знания юных посетителей о пенсионной системе, полученные в ходе мероприятия, была организована викторина. Ее победителями стали студенты колледжей. Директор филиала Құрманғали Арнұр Дәденұлынаградил их грамотами. Активное участие в мероприятии приняли также учащиесяМузыкального колледжа им. Казангапа, Колледж Болашак, Университет им Коркыт Ата, колледж Каз ГЮА.
«Сегодня я узнал много интересного о пенсионной системе, о том, как пользоваться услугами фонда через интернет. Я скачал себе мобильное приложение и хочу научить своих родителей пользоваться электронными услугами»,-поделился с нами юный участник мероприятия.
День открытых дверей проводится в ЕНПФ ежеквартально уже второй год подряд. Участники мероприятия не только узнают о новшествах в пенсионной системе, но и могут получить индивидуальные консультации по интересующим их вопросам. За это время его посетили около 30 тысяч человек.
Кызылординский ОФ
27 қараша 2018 ж. 655 0