Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Сайлау-2022: Қуатты Қазақстанды бірге құрайық!

Сайлау-2022: Қуатты Қазақстанды бірге құрайық!

Облыстық және аудандық штаб мүшелері "Азаматтарға арналған Үкімет" МК КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының Арал аудандық бɵлiмiнде қызмет алушылармен жəне мекеме қызметкерлерiмен экспромт кездесу ɵткiздi.
Кездесу барысында кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың сенімді өкілдері Амангельді Бөлекбаев,Лаура Ибраимова,Абай Елеш,Ержан Сабырбай қатысып,кезекпен сөз алған сенімді өкілдер ел Президенттігіне кандидат Тоқаевтың жүзеге асып жатқан реформалардың нәтижелі және жыл сайынғы жолдауларында халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту, цифрлық Қазақстан аясында қызмет алу оңтайландарып жылдан жылға халыққа қолжетімділігін сөз етті.
Амангелді Бөлекбаев бөлімдерде ұжымның көбі жастар болғандықтан, президенттікке кандидат Тоқаевтың жастарға арналған бағдарламасын таныстырып шықты.
Бөлім басшысы,облыстық мәслихат депутаты Лаура Ибраимова ұжымға кандидаттың сайлауалды бағдарламасымен таныстырды және сайлауға белсенділікпен қатысуға шақырды. Кездесуде мекемелер ұжымы сұрақтарына нақты жауаптар алып,алдағы сайлауда кандидат Қ.Тоқаевты қолдайтындықтарын жеткізді.

"Толқын" ақпарат
28 қазан 2022 ж. 286 0