Кітапханашыларға құрмет көрсетілді

Салтанатты шара барысында аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Б.Махатов:
– 3 қазаннан бастау алған Арал қаласының 95 жылдығы мен 25 қазан – Республика күні де үлкен дәрежеде аталып өтілді.Сонымен бірге осы мерекелермен тұспа-тұс келген айрықша маңызға ие кітапханашылар мерекесімен барша кітапханашылар қауымын құттықтаймын.Жастар мен кітапты байланыстыратын алтын көпір кітапхана десек, мұндай іргелі қара шаңырақтың мәртебесі биік болып қала бермек, – деді.
Кеш барысында аудандық мәдениет үйінің әншісі С.Дінжанова «Сыр сұлуы» атты әнің орындап, кітапхана оқырманы Рыскүл Әбенқызы Республика күніне арнап жазылған жыр шумағын қалың көпшілікке оқып, жиналған қауымның ризашылығына бөленді. Мерекелік кешті қорытындылау барысында аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Б.Махатов еңбегі елеулі кітапханашыларды марапаттады.

А.Мұратбеққызы