ТІЛ-ТАТУЛЫҚ ТІРЕГІ

Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Тәңірберген Сейітжанұлы құттықтау сөз сөйлеп, шараны ашып берді.
Сондай-ақ, бірқатар қызметкерлерге аудан әкімінің және Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Алғыс хаттарын табыстады.
Жиын барысында Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Арал аудандық филиалының төрағасы Жұмабай Жақып жиналған қауымды тілдер мерекесімен құттықтап, түрлі сала мамандарына облыстық және аудандық марапаттарды табыс етті.
Мерекелік шара аудан өнерпаздарының концертімен жалғасты.