Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Бақытты боласыз". Көңіл күйді жақсартатын 5 өнім

"Бақытты боласыз". Көңіл күйді жақсартатын 5 өнім

Күнделікті өмірде түрлі жайт болып, салдарынан стресс не депрессияға түсіп кетіп жатамыз. Сарапшылардың сөзінше, мұндай жағдайда жақсы тамақтану көңіл күйдің біршама көтерілуіне себеп болуы мүмкін. Бірақ мұндай жағдайларда нақты қандай тағам тұтынған дұрыс? Сарапшылар 5 негізгі өнімді атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Доктор Питер" сайтына сілтеме жасап. 

Роспотребнадзор сарапшыларының сөзінше, көңіл күйге тікелей әсер ететін өнімнің бірі - ет. Оған еттің кез келген түрі жатады. Себебі етте тирозин аминқышқылы бар, ал ол бақыт гормоны дофамин мен норэпинефринмен байланысты. Одан бөлек, ет есте сақтау қабілетін жақсартады. 

Көңіл күйді жақсартатын тағы бір өнім - банан. Ол сізді бірден "бақытты" етіп жіберетін өнім. Себебі оның құрамында триптофан бар: адам ағзасындағы бұл аминқышқыл серотинге айналады. Яғни бұл адамды сабырлы және көңілді ететін гормон. Сонымен қатар, серотонин ұйқыны ретке келтіреді. 

Шоколад - расында көңілсіздік пен негатив эмоцияның алдын алатын өнім. Себебі оның құрамындағы какао-бобында фенилэтиламин бар. Ал оның арқасында біздің ағзамызда эндорфин бөлінеді де шоколад жегеннен кейін жақсара бастайсыз. Одан бөлек, шоколадтың құрамындағы магний жүйкесі сыр берген адамдарға пайдалы.  

Адамның көңіл күйі жақсы болуы үшін адреналин де қажет. Ал ол үшін ағзада В группасындағы дәрумендердің болуы маңызды. Теңіз қырыққабаты сол дәрумендерге бай.  

Сұлы және қарақұмық ботқасы қандағы қант деңгейін қалыпта ұстауға көмектеседі. Ол көңіл күйді қалыпты ұстауда маңызды. 
03 қараша 2022 ж. 359 0