Қазақстанда жаңа мереке пайда болды

10 қарашада Цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлері күні аталып өтіледі. Премьер-министр Әлихан Смайылов "Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы №689 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" тиісті қаулыға қол қойды.
Осыған байланысты 17 мамырда аталып өтілетін Байланыс және ақпараттандыру қызметкерлері күні мерекесі Байланыс қызметкерлері күні болып өзгертілді.