Тоқаев мұғалімдер мен ғалымдардың жалақысын көтеруді тапсырды

Тоқаев білім беру жүйесінде оқушымен бірге мұғалімнің де басты тұлғаға айналуы керек екенін қадап айтты. Сондай-ақ, асыл кәсіптің беделін көтерудің маңызы ерекше екенін айтты.
"Үкімет 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап оқытушылардың, сондай-ақ жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарындағы ғалымдардың еңбекақысын ұлғайту механизмдерін пысықтауы керек", - деді Президент.