Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » БАЛАЛАР АРМАНЫНА ҚАНАТ БІТІРГЕН КЕЗДЕСУ

БАЛАЛАР АРМАНЫНА ҚАНАТ БІТІРГЕН КЕЗДЕСУ

Болашақ жастардың қолында. Ендеше сол жастардың арман мақсаты мектеп қабырғасынан бастау алады. Осы орайда қаладағы №220 орта-мектепте «Балалар не туралы армандайды?» тақырыбында кезесу кеші өтті. 
Кездесу кешіне қазіргі қоғамда сұранысына ие мобилография саласын меңгерген, креативті контент салып, бейнежазбаға жан бітіре алатын қабілетті және еңбекқор, жас та болса, белгілі фотограф – мобилограф Нұрмұхаммед Демеуғазин және белсенді көшбасшы, республикалық Ғани Мұратбаев атындағы «Ғани сыйлығының» иегері, Республикалық «Қоғам белсендісі – Үздік көшбасшы» байқауының жеңімпазы Әнуар Тоқтамысұлы қонақ ретінде қатысты. 
Қазір ақпараттық технологияның қарыштап дамыған шағында ІТ саласының мамандарына деген сұраныс жоғары. Сол сияқты ақпараттық техниканың тілін жетік меңгерген жастар кездесу кешінде өз тәжірбиелерін ортаға салды. Яғни, заманауи техникалардың көмегімен өз идеяды жүзеге асырып қана қоймай, оның тәуір табыс көзі екендігін түсіндерген кеш қонақтары оқушылардың қызығушылығын оятты. 
Кездесу барысында оқушыларымыз еркін түрде пікір алмасып, жетістік пен армандай біліп көшбасшы болудың қырын сырын үйреніп, сұрақтарға жауап алды.Қонақ кәде жасалып, оқушылар өнерлерін ортаға салды.
"Толқын" ақпарат

18 қараша 2022 ж. 466 0