Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ашықтық пен әділдік үстемдік құрған абзал

Ашықтық пен әділдік үстемдік құрған абзал

Сыбайлас жемқорлық – атақ пен мансап, мол қаражат пен ынсапсыз байлық бар жерді жағалай жүретін қоғамның қауіпті кеселі. Адам қолымен жасалатын мұндай қоғам кеселінің тамырына балта шабу керек дегенімізбен оған жол беріп жатқандар әлі күнгі тиылмай келеді. Мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық қылмыстар және осы тұрғыдағы құқық бұзушылықтарға бой алдыруының себебі көп. Оған ең алдымен қызметшілердің білім деңгейінің, әдептілік ұстанымының төмен болуы әсер ететін болса керек. Кей мемлекеттік қызметшілердің құқық бұзушылыққа немқұрайлылық танытуы, кәсіби әдептілігінің жетіспеуі де, жеке басының қамын ойлауы да парақорлықтың дендеуіне септігін тигізуде. Сондай-ақ, кейбір мемлекеттік орган басшыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заң талаптарын атқаруда ынта танытпай, жұмыс жүргізбеуі де жемқорлықтың тамырын тереңдете түседі. Айналасындағы салауатты, таза және сау ортаны шарпып, тыныс-тіршілігін тарылтатын, заңсыз әрекеттермен қоғамдық ортаның және мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, дара кәсіпкерлердің, азаматтардың қызмет етуіне қатер төндіретін қауіпті дертті болдырмаудың тетігі халықтың өзінде.Бұл дерттің алдын алып, қоғамға таралу жолдарын кесіп, оның ұлғаюына жол бермеу керек. Ол үшін аталған дертке бірге ат салысып, қарсы күресуіміз қажет. Сонымен қатар ашықтық пен әділдік үстемдік құрған абзал.Сонда ғана ел мүддесі үшін зор үлес қосатынымыз және халық сенімінен шығатынымз анық. Сыбайлас жемқорлық әрекеттері бойынша тиісті шара қолданудың негізі – ол азаматтардың арыз-шағым, өтініштері. Мемлекетіміздің кез келген азаматы Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті.
Сағидулла Төлегенов,
Жаңақұрылыс ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы
19 қараша 2022 ж. 373 0