87 жастағы ауыл ақсақалы Смағұлов Сәуелхан дауыс берді
Құланды ауылдық округіндегі №29 сайлау учаскесінде 87 жастағы ауыл ақсақалы Смағұлов Сәуелхан дауыс берді. – Бүгін еліміз үшін тарихи күн. Бұған дейін де көптеген саяси науқандарды өткердік. Бұл жолғы сайлаудың мәні бөлек. Халық оң өзгерістер мен жаңаша бастамалар күтеді. Ел ертеңі үшін мен де өз таңдауымды жасадым. Мемлекетімізде тек татулық пен бейбітшілік болсын. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай,– деп 11 бала тәрбиелеп өсіріп, одан 40 немере, 27 шөбере сүйіп отырған қарт сайлаушы батасын берді.
"Толқын" ақпарат