Тұман, көктайғақ, жел: Бүгінгі ауа райы болжамы
24 қарашада еліміздің басым бөлігінде күн райын Атлантика циклоны анықтайды – жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауып, шығыста қар күтіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.
"Қазгидромет" РМК мәліметінше, республика бойынша тұман, көктайғақ, батыста, солтүстік-батыста, солтүстікте, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста жел күшейеді. Елдің солтүстігі мен солтүстік-батысында бұрқасын болады.
baq.kz