Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Елордада Президентті ұлықтау рәсімі басталды

Елордада Президентті ұлықтау рәсімі басталды

Мемлекеттік маңызы бар рәсім Тәуелсіздік сарайында болып жатыр.
Мемлекет басшысын ұлықтау рәсімі Мемлекеттік Ту, Қазақстан Республикасы Президентінің мемлекеттік штандарты және Конституцияны алып шығып басталды. Рәсімге Үкімет мүшелері, Парламент депутаттары, Конституциялық Кеңес мүшелері, Жоғарғы Сот судьялары, елімізде тіркелген дипломатиялық корпус өкілдері мен арнайы шақырылған қонақтар қатысуда.
Ұлықтау рәсімінде Орталық сайлау комиссиясы жаңадан сайланған Мемлекет басшысына Қазақстан Республикасы Президентінің куәлігін арнайы тапсырады. Сонымен бірге мемлекет басшысы рәсім барысында Қазақстан халқына ант берді. Ант берген сәттен бастап жаңадан сайланған Президент ресми қызметіне кірісті деп саналады.
Тағы айьа кетсек, 20 қарашада өткен кезектен тыс президент сайлауында Қасым-Жомарт Тоқаев 82,45 пайыз дауыс жинап, жеңіске жеткен болатын. Осыған сәйкес Орталық сайлау комиссиясы жаңа сайланған Президенттің ант беретін күнін 26 қарашаға белгілеген еді. 
Бұл жолғы сайлауда Қасым-Жомарт Тоқаевқа 8 миллионға жуық адам дауыс берді
. Жаңа Конституция бойынша Президент тақта 7 жыл отырады.
26 қараша 2022 ж. 314 0