Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Дүйсенбіге арналған ауа райы болжамы

Дүйсенбіге арналған ауа райы болжамы

«Қазгидромет» РМК-сы 28 қарашаға жасалған күн райына байланысты болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Кәсіпорынның деректеріне қарағанда, республиканың басым бөлігі әлі де суық антициклонның ықпалында болғандықтан бүгін күн ашық және аязды болады.
Атмосфералық ағындардың өтуіне орай республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-батысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ болады. Қазақстан Республикасының аумағында жел күшеюі мүмкін.
Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында, таулы аймақтарында, түнде Қызылорда облысының оңтүстік-шығысында, Түркістан облысының таулы асуларында 30 м/с және одан да жоғары жылдамдықпен жел соғады.

baq.kz
28 қараша 2022 ж. 279 0