Қазақстанда коронавирусты жұқтыру көрсеткіші артуда

Соңғы тәулікте 167 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған. Бір күн бұрын бұл көрсеткіш 144 болған.
1 желтоқсандағы жағдай бойынша, 1081 адам (937 КВИ+ және 144 КВИ-) коронавирустан емделіп, олардың ішінде 167 науқас стационарда, 914 науқас амбулаторлық деңгейде ем қабылдап жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
7 адамның жағдайы ауыр,
2 пациенттің жағдайы өте ауыр,
2 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.