21 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

Астана қаласында көшпелі бұлтты, кей уақытта қар жауып, жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан солтүстік батысқа жел ауысады, күші 9-14 м/с. Ауаның температурасы түнде -10-12°С, күндіз -7-9°С болады.
Алматы қаласында көшпелі бұлтты, күннің соңында жауын-шашын (қар, жаңбыр) болады. Жел солтүстік-батыстан соғады, күші 2-7 м/с. Ауаның температурасы түнде -4-6°С, күндіз +2+4°С болады.
Шымкент қаласында көшпелі бұлтты, таңертең және күндіз жауын-шашын (қар, жаңбыр), көктайғақ, бұрқасын болады. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күші 8-13, теңертең және күндіз 15-20 м/с. Ауаның температурасы түнде және күндіз -1+1°С болады.
kyzylorda-news.kz