Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » 6 ақпанға арналған ауа райы

6 ақпанға арналған ауа райы

Қазгидромет РМК 6 ақпанда ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады деп хабарлайды baq.kz.

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында көктайғақ сақталады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-18 м/с артуы ықтимал.
Ақмола облысының жекелеген аумағында тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғып, кей жерлерде оның күші 15-20 м/с жетеді.
Ақтөбе облысының кей жерінде тұман, көктайғақ сақталады. Мұғалжар ауданында күндіз оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 18 м/с артады. Ақтөбе қаласында күндіз тұман, көктайғақ күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысында күндіз жауын-шашын (көбінесе қар) болады. Кей жерлерде бұрқасын, тұман, көктайғақ болжанады. Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысып, екпіні күндіз 25 м/с жетеді.
Өскемен қаласында күндіз жауын-шашын (жылбысқы қар), бұрқасын, жолдарда көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің күші күндіз 15-20 м/с артады. Семей қаласында күндіз жауын-шашын (жылбысқы қар), бұрқасын, жолдарда көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысып, күндіз жылдамдығы 15-20 м/с құрайды.
Қостанай облысының кей жерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ болжанады. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с артады. Қостанай қаласында күннің екінші жартысында бұрқасын, батыстан, оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықтағы жел күтіледі.
Түркістан облысының кей жерінде түнде және таңертең тұман түсіп, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с құрайды. Түркістан қаласында түнде және таңертең оңтүстік-батыс желі 15-20 м/с артады.
Шымкент қаласында түнде және таңертең оңтүстік-батыстан 15-20 м/с екпінде жел тұрады.
Қызылорда облысының кей жерінде тұман сақталады. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз 15-20 м/с сақталады. Қызылорда қаласында тұман сақталады.
06 ақпан 2020 ж. 728 0