МӘМС бойынша медициналық қызмет көрсететін мекемелердің тізімін қайдан көруге болады?

Медициналық қызметтің жекелеген түрлері бойынша тізім «Медициналық қызметтерді сатып алу» - «КДҚ жеткізушілері» бөлімінде орналастырылған.
КТ және МРТ, сандық рентгенография жеткізушілері
ПТР-тестілеуді жеткізушілер (биоматериал емхана арқылы жіберіледі)
Стоматологиялық клиникалар (азаматтардың жекелеген санаттары үшін)
Жалпы тізім «Пациент үшін» – «Клиниканы таңдау» бөлімінде орналасқан. Осы жерде тұрғылықты аймақты және қызметті таңдайсыз. Бұл:
Консультациялық-диагностикалық көмек
Тәуліктік немесе күндізгі стационардағы мамандандырылған медициналық көмек
Жоғары технологиялық медициналық көмек
Медициналық оңалту
Бағдарламалық диализ болуы мүмкін.
МӘМС мүмкіндіктерін пайдаланыңыз!