Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада аққуды өлтірген адам ұсталды

Қызылордада аққуды өлтірген адам ұсталды

Қызылорда облысында аққуды аяусыз өлтірген ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ішкі істер министрлігінің Telegram-арнасына сілтеме жасап.

"Аққуды өлтірген аудан тұрғынының аты-жөні анықталды. 22 желтоқсанда әлеуметтік желіде тараған видеоға сүйеніп, Қызылорда облысының Полиция департаменті жан-жақты тексеру жүргізіп жатыр. Бұл дерек желіде жарияланғанға дейін полицияға ешкім хабарлаған жоқ", - деп мәлімдеді полиция басқармасының өкілдері.

Ведомство Желі қолданушыларын ашуландырған ер адам анықталып, полиция бөліміне жеткізілгенін мәлімдеді. Ол 26 жаста, Сырдария ауданының тұрғыны. 

Тексеру барысында, аталған оқиғаның 2013 жылы балық аулау кезінде күріштіктің каналының жағасында орын алып, бейнежазбаға түсірілгендігі анықталды.

"Тексеру нәтижесі бойынша жеткізілген адамның әрекетіне құқықтық баға беріліп, тиісті шешім шығарылады", - деп қосты полицейлер.

Еске салайық, әлеуметтік желіде Қызылорда облысының тұрғыны аққуды өлтіріп, жасаған әрекетіне мақтанған видеосы тараған болатын. 
23 желтоқсан 2022 ж. 376 0